Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда 200 орынға лайықталған модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынуда

2020 жылдың 28 қазан 2020 09:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында 200 төсек-орынға лайықталған модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл елімізде 13 модульді инфекциялық стационар салынуы жоспарланған болса, соның бірі Түркістан шаһарында.

Айта кетерлігі, 200 төсек-орынның 180-і инфекциялық жұқпалы ауруларға, ал 20 орын реанимациялық ауруларға арналған. Ауруханада цифрлы рентген аппараты, ултрадыбыстық аппараттар және өзге де озық үлгідегі техникалар емделушілерге қызмет ететін болады.

Нысанның құрылысы жоспарланған аймақта барлық қажетті инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымы бар. Жалпы, инфекциялық стационардың құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталатын болады.


Басты сөздер: Түркістан облысы, Медицина,
Жоғары қарай