Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістанда 5 мыңнан астам адам құлшылық ететін сәулетті мешіт салынуда

2020 жылдың 2 маусым 2020 16:45

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда 5 мыңнан астам адам құлшылық ететін сәулетті мешіт салынуда. Өткен жылы іргетасы қаланған еңселі мешіт көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға кіреберісте салынып жатқан мешіт құрылысының басында болды. Әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған және сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек.

Бірегей жобаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынып жатқан ауқымы 5 мың шаршы метрді алатын жаңа ғибадат орнында түркістандық жамағат сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Сыртқы аумағына 3 мың адам сияды. Мешіттің құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізілуде.




Сәулетті ғимаратта мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 180 орындық медресе, кітапхана, асхана, спорт алаңдары, 500 орындық автотұрақ пен ғажайып субұрқақтар болады.

Айта кетейік, Түркістан облысының орталығында бой көтерген бірнеше нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Басым көпшілігінде ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде.

Қаладағы рухани-мәдени орталықта түрік инвесторлары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салып жатқан көне сәулет өнерінің көзі – «Керуен сарай» туристік кешенінің құрылысы алдағы күзде аяқталады деп жоспарланған.




Киелі шаһарда сондай-ақ, әлемде теңдесі жоқ аспан астында қалқыған театр, жергілікті қолөнер шеберлерінің ашық базарлары, ерекше сәулетті субұрқақтар мен сантүрлі ұлт өкілдерінің дәмханалары мен демалыс орындары салынуда.

















Жоғары қарай