Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Түркістанда 89 тұрғын үй бюджет есебінен салынып жатыр

2020 жылдың 2 маусым 2020 16:01

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы құрылыс алаңдарын аралап, жұмысшылармен кездесті. Өңір басшысы тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәр таспен қапталып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін көріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылыс жұмыстарының сапасын тексерген аймақ басшысы мердігер компания өкілдеріне құрылыс қарқынын жылдамдатуды тапсырды. Өмірзақ Естайұлы құрылыс басында сақтық шараларын күшейте отырып, тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшуді міндеттеді.

«Жұмыс көлемі өте ауқымды, оны жақсы түсінемін. Бірақ қазір кідіретін кез емес. Жұмыс барысының маңызы мен жауапкершілікті сезіне білу қажет. Біздің тарапымыздан қандай да бір көмек керек болса, тікелей айтыңыздар»,-деді өңір басшысы.




Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 7,9,12 қабатты 89 тұрғын үйдің құрылысы бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 7 қабатты 24 баспана, яғни 1452 пәтерлі үйді тапсыру жоспарланған.




Бұл үйлерден 450 пәтер бірінше кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға берілсе, мемлекеттік қызметкерлерге 1000-нан астам кредиттік тұрғын үй тапсырылмақ.







































Жоғары қарай