Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жобасы жүзеге асырылуда

2020 жылдың 26 қараша 2020 03:30

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында «Тірі сабақтар» жобасы жүзеге асырылуда. Ауқымы кең жоба сәуір айында «Атамекен» ҰКП мен «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ арасында туризмді дамыту жөніндегі жол картасы аясында қолға алынған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жоба мектеп бағдарламаларын визуализациялау арқылы мектептен тыс жерлерде экскурсиялық сабақтар өткізу арқылы туризмге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Негізінен пилоттық жоба ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысында жүзеге асырылды. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде пилоттық жоба үшін экскурсия әдістемесі мен бағдарламасы әзірленген. Сондай-ақ, мектеп пәндері мен сабақ тақырыптары анықталған. Ал, Түркістан облысында экскурсия өткізу үшін тарих пәнінен (6-сынып) «Түркістан-XII-XV ғасырлардағы Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің орталығы» тақырыбы таңдалған. Экскурсиялық сабақ облыс орталығындағы тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштер шоғырланған «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында өткізілген.

Облыстық туризм басқармасы ұйымдастырған шараға Кентау қаласы мен Отырар ауданынан келген 100-ге жуық оқушы қатысты. Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуді көздейтін танымдық саяхат білімгерлердің туған елдің көрікті жерлері туралы мәліметтерге қанығып, білімдерін кеңейтуге мол мүмкіндік сыйлады.

Жоғары қарай