Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда бір шақырымға созылатын «Керуен-сарай» салынады

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 21:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда ұзындығы бір шақырымға жететін «Керуен-сарай» салынады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазірдің өзінде Түркістанда бес жұлдызды екі қонақүй (Hilton, Rixos) салынды. Ұзындығы бір шақырым болатын «Керуен-сарай» ашылады, оның ішінде қонақүйлер, сауда-саттық орындары, басқа да мәдени нысандар болады. Сол кезде Түркістан баяғыдай туризм мен халық келетін орталық болады», - деді Н. Назарбаев.

Елбасы атап өткен «Керуен сарай» көпфункциялы туристік кешені түркі әлемін ғана емес, әлем назарын аударатын жобаға айналмақ. Жоба алдағы көктемде пайдалануға берілуі тиіс.

Қазақстан, Еуропа және Орталық Азия мәдениетін үштастыратын жоба көне шаһар үлгісі негізінде салынған, және онда заманауи қонақүйлер, Шығыс базары, мейрамханалар және жасанды көл пайда болады.

Айта кетейік, «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі Н.Назарбаевтың «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде әзірленді. Деректі туынды «Qazaqstan» телернасынан бүгін 20:00-де эфирге шықты.

Бұған дейін Н. Назарбаев «Ел астанасының Түркістанға көшуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берген еді.

Сонымен бірге, Түркістаннан Ташкенте темір жол салынып, Самарқан, Бұқара, Ташкент, Шымкент, Түркістан қалаларынан үлкен шеңбер жасалмақ.


Жоғары қарай