Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда «Елдіктің жолын ерлікпен салған Елбасы» мерекелік шарасы өтті

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 13:17

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Елдіктің жолын ерлікпен салған Елбасы» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасытанушы Сейдулла Садықовтың Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен мемлекет басқарудағы озық істері жайлы айтылған баяндамасымен басталған жиын тарихи естеліктер мен әсерлі әңгімелерге толы болды.

Тұңғыш Президенттің мемлекет құрудағы қайраткерлігін танытып, елге сіңірген еңбектерін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Даурен Сариев пен Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, Елбасытанушы Сейдулла Садықов, Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төраға орынбасары Шора Исмолдаев пен Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пернетай Досыбеков, сондай-ақ, жергілікті белсенді жастар қатысты.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Түркістан қаласының тарихи және бүгінгі мазмұнын сабақтастыра, танып біле отырып жаңа облыс орталығы етіп құрғаны да тарихи, елеулі оқиға болды. Бұл Елбасымыздың қазақ халқы үшін, күллі түркі әлемі үшін қадір-қасиеті ерекше болған Түркістанға деген айрықша қамқорлығының арқасы», - деді Д.Сариев

Салтанатты шараның соңы Түркістан өнерпаздарының өнерімен жалғасын тапты.














Жоғары қарай