Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда эпидемиологтар COVID-19-ға қарсы күрес жұмыстарын күшейтуде

2020 жылдың 22 қараша 2020 16:18

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Ордабасы, Бәйдібек және Отырар аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары мен аудандық аурухана қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарын одан әрі күшейту үстінде. Инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында эпидемиологтар мен инфекционист дәрігерлер Zoom бағдарламасы арқылы өзекті сұрақтарына жауап алып, өзара тәжірибе алмасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мұндай шаралар барлық аудандарда жалғасын табады. Өңірде медбикелер үшін де «Covid-19 инфекциясына шалдыққан науқастарға мейірбикелік көмек» тақырыбында арнайы оқу-сабақтары өткізілген.

Онлайн режиміндегі семинарларға түрлі бейіндегі 200-ге жуық орта медициналық қызметкерлер қатысқан. Оқыту барысында дәріскерлер емдік шаралары, инфекциялық қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде биоқауіпсіздік, орта медициналық персонал деңгейінде инфекциялық бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету мәселелерін қамтыған.

Жалпы, өңірдегі инфекциялық стационарларда 7 азамат коронавирус инфекциясынан және 27 адам вирусты пневмониядан ем қабылдауда.

Ал, пандемия басталғалы COVID-19 расталған 3449 науқас бойынша 2668 ошақ анықталып, барлығында дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Науқастардың 3372-і яғни, 98/1 % жазылып шыққан.









Жоғары қарай