Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістанда салынып жатқан әуежай жылына 3 млн жолаушыға қызмет көрсетеді

2020 жылдың 9 маусым 2020 14:41

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында салынып жатқан халықаралық әуежайдың және онда баратын автомобиль жолының құрылысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладан 16 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынуда.

«YDA Group» түрік компаниясы салып жатқан Түркістан халықаралық әуежайы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс алаңында инвестордың 300-ден аса құрылысшысы 102 арнайы техникамен тынымсыз еңбек етуде. Әуежай 900 гектар аумақты қамтиды. Онда терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу көзделген.

Әуежайға баратын автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым. Мұнда жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсету қарастырылып отыр.

Сала мамандарының мәліметінше, туризм әлеуетін арттыру үшін облыста арнайы бағдарлама әзірленген. Көне шаһарда 2025 жылға дейін турист санын 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта халықаралық әуежайдан екі күнде бір рет Түркістаннан Меккеге тікелей ұшақ ашу көзделген.

Бұл мәселе былтыр желтоқсан айында өткен Түркістан облысының Мәскеудегі күндері барысында айтылды. Іс-шараға туристік компаниялар, туризм саласындағы қоғамдық бірлестік ұйымдары, қауымдастықтар мен мемлекеттік ұйымдар қатысқан болатын.





Жоғары қарай