Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістанда ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру мәселесі талқыланды

2020 жылдың 12 маусым 2020 22:33

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру бойынша семинар өтті. Облыс әкімінің ауылшаруашылығын дамытуға қатысты тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған басқосуда кәсіпорындарды ірілендіріп, кооперативтендіру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинарға аудан әкімі Нұрлан Байғұт пен ауылдық округ, кент әкімдері, шаруа қожалық төрағалары мен мал шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген аудан тұрғындары қатысты. Жиында сөз алған аудан әкімі кәсіпкерлерге еттің сапасы мен түрлі аурулардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы белгіленген мал сою бекеттерінде сою қажеттігін ескертті. Басқосуда қатысушылар ұсақ шаруашылықтардан бастап ірі мал бордақылау алаңдарын аралап, жұмысын өз көздерімен көрді. Жиында аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы мен шаруа қожалық төрағалары зәкірлік жоба ретінде алынған «Адал» шаруа қожалығының аумағында семинарға қатысушыларға мал бордақылаудың қыр-сырымен бөлісіп, мемлекеттік бағдарламалар мен қолдауларды кеңінен түсіндірді. Қожалықта «Сыбаға» бағдарламасымен алынған бұқашықтарды 200 кг салмақтан асқаннан кейін бордақылауға өткізіледі. Ал, 400 кг жеткізген жағдайда экспортқа етке өткізіледі. Бұл өз кезегінде қарапайым үлгідегі мал бордақылаумен айналысып отырған кәсіпкерлердің көзқарасын өзгертіп, етті делдалсыз экспортқа шығару жолдарын көрсетеді. Түпкілікті нәтижесі «Сыбаға» бағдарламасы бойынша алған шаруа қожалықтар мемлекет тарапынан берілген жеңілдікке ие бола алатыны туралы айтылды.

Айта кетейік, облыс әкімі Ө.Шөкеев өңірде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында үш басым бағытты белгілеп берген болатын. Мал шаруашылығы күн санап дамыт келе жатқан Түлкібас ауданында ет өнімін көршілес елдерге экспорттау жұмыстары да қарқын алып келеді. Мәселен, аудандағы «Адал» шаруа қожалығының өзі ағымдағы жылы Өзбекстан республикасына 1000 тонна етті экспорттау бойынша келісім шартқа тұрған.


Жоғары қарай