Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда жастар форумы өтті

2021 жылдың 26 қазан 2021 11:50

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Төртінші онжылдықтағы тәуелсіз Қазақстан» атты форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырды.

Форум жұмысына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы, «Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті және «Жастарға жол» Қоғамдық қорының президенті Рафаэль Гасанов, жас ақын, Turkistan телеарнасының жүргізушісі Рысгүл Досжанова, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ерасыл Төлебаев, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Аружан Шекербек сынды басқа да белсенді жастар қатысты.





Шара барысында Аңсар Жаңабайұлы сөз алып, форумға қатысушыларға ізгі тілегін жолдады.

Сонымен қатар, форум аясында кәсіпкер жастардың көрмесі қойылып, іс-шара соңында жастар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, белсенді жастар марапатталды.











Жоғары қарай