Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Түркістанда жоғалып кеткен апалы-сіңлілі 2 оқушы табылды

2020 жылдың 16 ақпан 2020 01:18

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында сабаққа кетіп, хабарсыз кеткен апалы-сіңлілі екі жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалғызбасты ана Түлкібас АПБ қызметкерлеріне 13 және 11 жастағы қыздарының күндізгі сағат 12:30-дар шамасында сабаққа шығып, кейін қайтып оралмағанын айтып, полиция көмегіне жүгінген.

Полиция жылдам шешім қабылдап, іздеу жұмыстарын жүргізді. Іздау шараларына мектеп мұғалімдері мен еріктілер де тартылды. Нәтижесінде жоғалған қыздар сол ауылдан 25-30 шақырым қашықтықта орналасқан көрші елді мекеннен табылды.

Тергеу барысында оқушы қыздардың осыдан бір жыл бұрын көшіп кеткен ауылындағы үйлеріне жаяу жетіп, сондағы достарына барғаны анықталды.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай