Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда зиялы қауым өкілдері бас қосты

2020 жылдың 27 қазан 2020 12:09

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына келген зиялы қауым өкілдері бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, өңірдің мәдениеті, руханияты мен білім салаларына қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келелі кеңесте туризм салалары мен өнер, қазақ тілінің бүгінгі ахуалы әңгіме арқауына айналды. Түркістанда «Абай мектебі» мен жазушылар қауымы арқа сүйейтін орда ашылуы керек деген пікір білдірілді. Сансыз баптар мекені Сайрамның тың құпияларын ашып, тылсым тарихын зерттеу ұсынылды. Зиялы қауым Түркістанды уақыт талабы қажет ететін ұлттық кодтан ауытқымай отырып дамыту жайын айтты. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев Саурандағы көнеден қалған кәріз жолдары жайлы сөз етті. Әлі күнге дейін сақталған аумақты қайта жандандырып, әдемі дүниеге айналдыруды ұсынды. Бұл кәрізді Үндістаннан әкелінген құлдар немесе ирандықтар жасаған, деген болжам бар.

«Ыстық өлкелерде қашан да кәріз құдықтары пайдаланылған. Кәріз ауылынан шығар жерде Алаңбұлақ деген бұлақ бар. Алаңбұлақтан Түркістанға дейін оншақты құдықтың ізі жатыр. Су Алаңбұлаққа дейін келіп Түркістанға жерасты жолдарымен жеткен.





«Түркістан жаугершілік заманда қалай қорғанды» десек, осы судың арқасында қорғанып отырған. Ауылдың Кәріз атанып кеткені де содан болған. Кәрізге жауапты адамдар да болған. Міне бұл да бір Түркістанның ерекше құпияларының бірі», - деді Жамбыл Омарұлы.

Өз кезегінде Сәкен Қалқаманов барлық ұсыныстарды назарға алатынын жеткзді. Зиялы қауым өкілдеріне құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Қонақтар сондай-ақ, «Алатау медиа-орталығын» аралап, Түркістан төрінде орнатылған хакім Абайдың жаңа ескерткішіне барды. Ұлы ақын мүсінінің ерекшелігіне жоғары бағасын берді.




















Жоғары қарай