Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістандағы қайғылы жағдай: Үйлерді аралау жұмыстары да отбасын құтқара алмады

2021 жылдың 2 наурыз 2021 14:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үйлерге газ жеткізу қызметін көрсететін компаниялар техникалық жабдықты дұрыс пайдалану үшін де жеке жауапты болады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға келсек, мамандар бұл үйлерді аралап шыққан. Біздің қызметкерлер тұрғындарға газ-техникалық жабдықтың қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық өткізген. Аталған үй де есепте тұрған. Бірақ мұндай аралау жұмыстары да отбасын қайғылы оқиғадан құтқара алмады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр тұрғындарды өртке қарсы қауіпсіздік шараларын және газ-техникалық жабдықтарды пайдалану талаптарын қадағалауға шақырды.

«Газ жеткізу бойынша тұрғын үйлерге тікелей қызмет көрсететін компаниялар келісімшартта жазылғандай, техникалық жабдықтың дұрыс пайдаланылуы үшін де жеке жауапты болады. Түркістандағы жағдай бойынша да келісімшарт жасалған компания осы жабдыққа техникалық куәландыру жүргізуге және газ-техникалық жабдықты дұрыс пайдалану тұжырымдамасын беруге міндетті болған», - деп түсіндірді Юрий Ильин.

Еске сала кетсек, 17 ақпанда Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде 5 адамның денесі табылды, оның төртеуі кәмелекетке толмаған.

Тексеру барысында 3 бөлмелі үйде камин түріндегі пеш (Иран пеші) орнатылғаны және оған гофрленген бұрғыш қосылғаны анықталды. Ол 1,5 метр қашықтықта қабырғадағы тесік арқылы көшеге шығарылған. Сыртқы жағынан гофрленген розетка 5-7 см ғана құрайды, осылайша қатты жел пештегі тартылыстың нашарлауына ықпал етіп, улы газ бөлме ішіне таралған.



Жоғары қарай