Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістандағы «Ұлы дала елі» рухани орталығының құрылысы қыркүйекте аяқталады

2020 жылдың 4 маусым 2020 17:22

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірге жұмыс сапарымен келген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Жұмыс тобы облыс орталығында бой көтерген «Ұлы дала елі» мәдени кешенінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір облысы бір нысаннан тарту етіп отырғаны белгілі. Соның бірі Атырау облысы әкімдігі туризм ордасы, киелі Түркістан жеріне сәулет өнерінің үздігіне айналар «Ұлы дала елі» рухани орталығын салып беруде. Орталықта Қазақ хандығының құрылғанынан бастап, жаңа дәуір дамуына дейінгі әртүрлі тақырыпты ашатын 9 тарихи – заманауи залдар ашылады.

Құрылыс басында болған Атырау облысының әкімі мәдени орталықта заманауи мүмкіндіктерді, яғни инновациялық технологияларды барынша қолдануды ұсынды.

Алып құрылыс алаңына айналған облыс орталығында еліміздегі ірі құрылыс компаниялары киелі шаһарды түлету жолында күндіз-түні тер төгуде. Атырау облысы әкімдігінің сыйы қыркүйек айында аяқталуы тиіс. 0,8 га жерде бой көтеріп жатқан орталықтың аумағы 6200 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.


Жоғары қарай