Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанды түлетуге Шардара мен Жетісай ауданының азаматтары да атсалысуда

2020 жылдың 24 қараша 2020 04:36

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанды түлетуге Шардара мен Жетісай ауданының азаматтары да атсалысуда. Екі ауданның тұрғындары облыс орталығына ағаш көшеттерін отырғызып, маусымдық гүлдер егуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шардара ауданына бөлініп берілген №10 секторда аудан басшысы Қайрат Жолдыбайдың тікелей қатысуымен сенбілік ұйымдастырылып, 2,5 гектар жерге 2500 ағаш отырғызылған.

Сондай-ақ, 40 түп шырша мен 100-ге жуық гүлдің түрі егілген. Көгалдандыру жұмыстарына 150-ге жуық аудан тұрғындары белсенді қатысып, облыс орталығын гүлдендіруге елеулі үлес қосты. Көгалдандыру жұмыстарымен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев танысып, оң бағасын берген.

Ал, №15 секторға жауапты жетісайлықтар «Túrkistan» автобекеті мен қалаға кіре беріс көпірге дейінгі аймаққа 3500-ге жуық көшет отырғызған. Оның ішінде терек - 2000, қырым шыршасы - 100, қарағаш – 1400 дана.

Көшеттер Жамбыл облысында орналасқан тұқымбақтан жеткізілген. Егілген көшеттерді суару үшін 1700 метрге «тамшылатып суғару» жүйесін жүргізу көзделуде.

Алдағы уақытта қажеттілігіне қарай қосымша көшеттер егу жұмыстары жалғасын табатын болады.

Аталған жұмыстар үшін 30-ға тарта жұмысшы мен қажетті техникалар еңбекке жұмылдырылған.


Жоғары қарай