Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістандық кәсіпкер қауіпті індетпен күреске 5 млн теңге аударды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 12:23

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда.

Коронавирусқа қарсы күресті күшейту мен көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты, «Бөрте милка» ЖШС директоры Нұралы Әбіш арнайы қорға 5 миллион теңге аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен бірге Нұралы Әбіш өзі басқаратын серіктестік атынан 100 отбасыға сүттен жасалған өнімдермен демеушілік көрсетті. Бұған дейін де игі істерімен танылып жүрген «Nur Otan» партиясының мүшесі жұртшылықты қауіпті індетпен бірігіп күресуге шақырды.

«Біз үкімет тарапынан қолға алынып отырған шектеулер мен сақтану шараларына барынша қолдау білдіріп, түсіністік танытып, барлық талаптарды орындауға тиіспіз. Сондай-ақ жалған ақпараттарға сенбей, ел ішінде үрей туғызбауға, жұртты сабырға шақырып, ынтымақ, бірлікке ұйыстыра білуіміз керек. Әлемге қауіп төндіріп тұрған індетпен күрес жүргізу – тек медицина қызметкерлері мен құқық қорғау мамандарының ғана емес, бүкіл қазақ қоғамының міндеті», – деді кәсіпкер.


Жоғары қарай