Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістандық волонтерлер аудандық ауруханаға көмектесті

2020 жылдың 15 шілде 2020 05:25

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Түлкібас ауданында жұртты әбігерге салған коронавирус індетімен күресте жомарт жандар барынша атсалысуда. Ауданның ерікті тұрғындары орталық ауруханаға қазіргі таңда тазалық үшін аса қажетті автоматтандырылған 5 кір жуу машинасын тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, елді мекендерде кең жүректі азаматтар мұқтаж отбасыларға қолдан келген көмектерін аямауда. Соңғы екі күнде ауданға қарасты Абайыл мен Жаскешу ауылының тұрғындары қаржы жинап, 30 жанұяға құрбандыққа шалынған 2 ірі қара мен 2 қойдың етін бөліп берді. Тұрмысы төмен отбасыларға етпен қоса, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік берілді.

Айта кетейік, бұған дейін түлкібастық демеушілер мен еріктілер орталық ауруханаға 210 оттегі балонын тарту еткен болатын. Ал, аудан әкімдігі волонтерлерге аурухананың баллондарын оттегімен толтырып келу үшін Газель автокөлігін бөлген болатын. Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктері мен жүргізушілерін ақ халатты абзал жандарға беріп, бүгінде 17 көлікпен дәрігерлерді науқастарға тасымалдауда.


Жоғары қарай