Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістандық волонтерлер медициналық маска таратты

2020 жылдың 19 наурыз 2020 21:35

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының волонтерлерінен құралған топ коронавирусты алдын алу шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар қала тұрғындары мен көше бойындағы қоғамдық жұмыста жүрген қызметкерлерге, құрылыс алаңдары мен аялдамаларда тұрған көпшілік қауымға 200-ге жуық медициналық масканы таратты

Жастар облыстық отбасы үлгісіндегі балалар үйі мен қарттар үйін, мектеп–интернаттарына да осындай қолдаулар көрсетпек. Сондай-ақ, жекелеген қарттар мен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға медициналық залалсыздандыру сұйықтықтары мен қорғаныс бетперделерін, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізу жұмыстарын қолға алып жатыр.

Сақтық ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын үздіксіз жалғастыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, өңірде короновирус қауіпінің алдын-алу және төтенше жағдайлар орын алған жағдайда шұғыл түрде жұмыстар жүргізу, халқымыздың қауіпсіздігін сақтау шаралары қолға алынған.

Әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне көмектесу жұмыстарына ерікті кәсіпкерлер мен ерікті жастар да өз қолдауларын көрсетіп жатыр.


Жоғары қарай