Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістандық жемқор-шенеунік 3 млн теңге айыппұл төлейді

2019 жылдың 30 шілде 2019 18:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 200 мың теңге пара алған Түркістан облысы Төлеби ауданының Қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары А. Хасанов 3 млн теңгеге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Төле би аудандық Қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары А. Хасановқа қатысты соталды тергеу жұмыстарын аяқтаған болатын. Хасанов қызмет бабын пайдалана отырып, Төлеби аудандық әкімі аппаратының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне әкімшілік қызметші лауазымына орналастыру желеуімен, алдау арқылы 200 мың теңге пара алған. Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Төлеби аудандық соты Хасановқа 3 млн теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды», - делінген ақпаратта.

Хабарламада айтылғандай, ол айыппұлды үкім заңды күшіне енген күннен бастап бір айдың ішінде өтеуі тиіс. Кері жағдайда үкім бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.

Одан бөлек, сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Жоғары қарай