Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Түркістанға саяхаттаушылар баратын жерімен алдын ала онлайн таныса алады

2020 жылдың 2 маусым 2020 03:08

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Киелі Түркістан шаһарына саяхаттап келушілерге барлық жағдай жасалып, олар баратын жерімен алдын ала онлайн таныса алады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында шаһар басшысы Рашид Аюпов қаланы дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы баяндады. Оның сөзінше, жаңадан дайындалған туристік себетіне электрокармен аралау мен гид, аудиогид көмегіме жүгінуге болады.

«Энто және брендтелген кәдесыйлар дүкендеріне саяхаттар кіреді. Көлікпен Сауран қаласына сафари, бүркіттер шоуы, күн батқанда далаға түйелер керуенін жүргізу және қобыз үнінің сүйемелдеуімен кештер, көшпенділер шоуы, ыстық тандыр нан мен саумал ішіп, аттылардың алаулармен жарықтандырылған көріністері өтеді. Түркістан қаласында бірқатар құрылыс жұмыстары шілде айында толық аяқталмақ. «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру құрылысы 3 кезеңге бөлінген. Кәріз жүйесін жүргізуге жер қазылып, су бұрқақ алаңына бетон құю жұмыстары жалағасуда. «Тұңғыш Президент саябағында» бүгінгі таңда жалпы кәріз және электр жүйелері толықтай аяқталды. Жарық жүргізіліп, сыртқы су жүйесі іске қосылған. Саябақта 2 мыңдай түр ағаш отырғызылған»,- деді Рашид Аюпов.

Жиында қала әкімі сондай-ақ, қаланың рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылым құрылыс мен драмтеатр аумағын абаттандыру жұмыстары да қалыпты жүріп жатқанын атап өтті. Көне сәулет өнерінің көзі – «Керуен сарай» кешенінің құрылысы алдағы күзде аяқталатынын жеткізді. Теңдесі жоқ аспан астында қалқыған театр, жергілікті қолөнер шеберлерінің ашық базары, ерекше су бұрқақтар мен демалыс орындары жергілікті тұрғындар мен саяхаттаушылардың көңілінен шығатынына сенім білдірді.


Жоғары қарай