Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістаннан шыққан жаяу экспедиция Маңғыстауға жетті

2020 жылдың 7 қараша 2020 15:11

АҚТАУ. ҚазАқпарат- Шапшаң жүруден спорт шебері, каратэші, Бекеттанушы, рухани ізденуші, тарихи өлкетанушы Сәрсенбай Ерқасымов «Қасиетті сапар» атты жаяу экспедициясы аясында Түркістаннан Маңғыстауға жаяу келді.

Сәрсенбай Ерқасымов Әбу Насыр Әл-Фарабидің туған жері Түркістан облысының Шәуілдір ауданынан бастап, жалпы аумағы 1 500 шақырым жолды артқа тастап, 362 Әулиелі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына табан тіреді.

Ол бұл саяхатын Бекет Атаның 270 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдық мерейтойлары құрметіне арнайды. Экспедицияның мақсаты қазақ жеріндегі қасиетті жерлерді аралап дұға ету, ел мен жердің амандығы мен бүтіндігі, жарқын болашағы үшін тілек тілеу, Қазақ халқының рухани танымдарын санада жаңғырту, киелі орындар мен тарихи тұлғаларды ұлықтау, бейіттеріне зиярат ету, жас ұрпаққа адам бойындағы жан мен тәннің мүмкіндігін көрсету, еліміздегі рухани-мәдени туристік орындарға серпін беру және назар аударту.





Экспедиция 2 қазанда Шәуілдір кентінен басталған. «Қасиетті сапар» - «Elsana Amanat» қоғамдық қоры мен «Нұрқасым ата» жеке қорының біріккен жобасы.

«Қасиетті сапар» шарасы Қазақстан астанасы мен төрт облыстың аумағын қамтиды, яғни Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары.

Сапардың жол ұзақтығы шамамен - 1500 шақырым, мерзімі - 1 айдан астам уақыт.





Жоғары қарай