Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады

2021 жылдың 24 ақпан 2021 21:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан 24 ақпаннан бастап Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық рейс ашады. Қазақстандық әуе компаниялары («Эйр Астана» және SCAT) бұл бағытта аптасына төрт рейс орындайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Тиісті шешім эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты қабылданды.

Аталған шешімге сәйкес, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаға келесі бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайтуға рұқсат етілді:

Алматы-Ташкент-Алматы: аптасына 4-тен 8 рейске дейін («Эйр Астана» мен Uzbekistan Airways 2 рейсі қосылады);

Алматы-Бішкек-Алматы: аптасына 3-тен 5 рейске дейін («Эйр Астана» 2 рейсі қосылады);

Алматы-Киев-Алматы: аптасына 1-ден 2 рейске дейін («Эйр Астана»1 рейсі қосылады).

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.



Жоғары қарай