Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркия мен Ресей Таулы Қарабақ бойынша бірлескен орталық туралы хаттамаға қол қойды

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 22:13

АНКАРА-МӘСКЕУ. АНАДОЛЫ-ТАСС-ҚазАқпарат - Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату режимінің мониторингі негізіндегі Бірлескен бақылау орталығы қызметінің техникалық аспектілеріне сай Ресей тарапы жүргізген келіссөздердің қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы түрік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің Twitter парақшасында жазылды. Хаттамада Қарабақ бойынша Бірлескен Орталықтың негіздері мен принциптері жазылған. Түркия мен Ресейдің Біріккен орталығының жұмысын бастау үшін қажетті шаралар атқарылып жатыр.

Бірлескен бақылау орталығын құру туралы келісімге 11 қарашада Түркия мен Ресейдің қорғаныс ведомстволарының басшылары Хулуси Акар мен Сергей Шойгу қол қойды. Әр елден Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату режимін бақылау бойынша Бірлескен орталық қызметкерлерінің саны тең болады. Бұл туралы сейсенбіде Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Оның айтуынша, аталған орталық Әзербайжан аймағында орналасады.

«Орталықта жұмыс істейтін Ресей және Түркия сарбаздарының саны тең болады», - дейді әскери ведомстваның ресми өкілі.

Конашенковтың айтуынша, Ресейдің бітімгершілік контингентінің әскери қызметшілері Степанакерттегі Зорге көшесі және Шуша - Лисогорский бағытындағы газ құбыры мен электр жеткізу желісін жарылғыш заттардан тазартқанын айтты.

«Бір тәулік ішінде 5 гектардан астам аумақ, екі шақырым жол тазартылып, 109 жарылғыш зат табылды және олар арнайы жабдықталған полигонға жеткізіліп, жойылды», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол Таулы Қарабақтағы инженерлік бөлімдер 34 гектардан астам жер, 12 шақырымға жуық жолды тазарқанын, 110-нан астам үй мен әлеуметтік нысандар тексеріліп, 1077 жарылғыш зат табылып, залалсыздандырылғанын айтты.

Сонымен қатар, Ресейдің бітімгершілік күштері Таулы Қарабақтағы маңызды инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіруде жөндеу бригадаларына көмек көрсетуде, ал Ресейдің қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы медициналық бөлімшесінің әскери дәрігер-мамандарының тобы мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Ресейдің бітімгершілік күштері мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің үйлестіруімен құрбан болғандардың денелерін іздеу және алмасу жұмыстары жалғасуда.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Түркия, Ресей, Әскер, Әлем,
Жоғары қарай