Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияда 27 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

2021 жылдың 22 мамыр 2021 13:50

АНКАРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Түркияда 27 миллионнан астам адам вакциналанды, олардың 12 миллионы вакцинаның екінші дозасын алды. Сондай-ақ, елде түрік вакцинасын өндіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Денсаулық сақтау бойынша жаһандық саммит қатысушыларына жолдаған бейнеүндеуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз мүмкіндігінше өзімізде бар вакциналарды басқа елдермен бөлісуге тырыстық. Түрік вакцинасы дайын бола салысымен біз оны өз азаматтарымызға ғана емес, бүкіл адамзатқа ұсынамыз», - деді Түркия президенті.

Ердоған ДДСҰ-ға мүше ел сол ұйым мақұлдаған вакцинаны қабылдамайтын жағдайдың ешқандай түсіндірмесі жоқ деп мәлімдеді.

«Үлкен жиырмалық» (G20) елдері арасында денсаулық сақтау саласындағы озық жетістіктермен алмасу бойынша деректер базасын құру алдағы дағдарыстарға қарсы шаралар қабылдауды жеңілдетеді», - деді ол.

Ердоғанның айтуынша, гигиена мен денсаулықты қорғаудың барлық қажетті ережелерін сақтау арқылы халықаралық туризм мен саяхатты қалпына келтіру керек.


Жоғары қарай