Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 10:47

АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Түркияның орталық бөлігіндегі Ниде провинциясында магнитудасы 5,1 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Төтенше жағдайлар агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 22:08-де Бор ауданындағы Обрук елді мекенінде тіркелген. Ол 6,97 км тереңдікте болған.

Провинция губернаторы Нигде Йылмаз Сахин ауылға келіп, зардап шеккендердің тезірек сауығуын тіледі. Губернатордың мәлімдемесінде алғашқы бағалауға сәйкес, жер сілкінісі салдарынан жеті үйдің бүлінгені айтылған. Сондай-ақ ол шатырлар мен керек-жарақтар, іздеу-құтқару топтары ауылға жіберілгенін атап өтті.

Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.


Басты сөздер: Түркия, Оқиға,
Жоғары қарай