Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 10:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияға бүгін «Корона-Вак» екпесінің 10 миллионнан астам дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Қытайлық вакцинаның 3 миллион дозасы бар бірінші партия өткен жылдың аяғында келген болатын. Жалпы Түркияда вакциналау науқаны 14 қаңтарда басталды. Содан бері 1 миллионнан астам адам екпе салдырған. Препаратты бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен қарттар қабылдауда.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда індет басталғалы бері 24 мыңға жуық тұрғын қайтыс болып, 2 жарым миллиондайы коронавирус жұқтырған.



Басты сөздер: Түркия, Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай