Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияда Димаштың суреті бейнеленген граффити пайда болды

2020 жылдың 2 тамыз 2020 14:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Адана қаласында әлемге әйгілі қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар граффити пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Dears, біз өткен жылы 1 тамызда Димашты Ыстанбұл әуежайында кездесу бақытына ие болғанбыз. Бір жылдық мерейтойымызды талантты түрік суретшілері Alper (zeos2305) және Ayşe (akazio1) жасаған «Bastau» деп аталатын қабырға суретімен қарсы алдық. Біз «Bastau» - Димаштың Түркияда салынған алғашқы суреті және әлемдегі алғашқы 3D гиперреалисттік граффити екенін қуана жариялаймыз!» - деп жазды Димаштың Түркиядағы dimash.turkey деп аталатын фан-клубы желідегі парақшасында.

Суретші Альпер Агка бұл жұмыс оған сәттілік әкеледі деп үміттенеді. Оның айтуынша, қабырғаға сурет салу үшін екі ай уақыты кеткен.





Жоғары қарай