Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркиядағы орман өрті: Қызыл жалын Миластағы жылу электр орталығына жақындады

2021 жылдың 5 тамыз 2021 09:01

МҰҒЛА. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркиядағы орман өрті Кемеркөй қаласындағы жылу электр орталығына жақындап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Кемеркөй Мұғла провинциясының оңтүстік-батысындағы Милас уезінде орналасқан.

Хабарланғандай, желдің әсерінен өрт ЖЭО-ның сым қоршауларына жетті.

Жылу электр орталығы аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Өртті сөндіруге су құйылған автоцистерналар мен өрт сөндіру көліктері жұмылдырылған.

Станция қызметкерлері эвакуацияланды, нысан аумағынан тез тұтанатын және жарылу қаупі бар материалдар шығарылды.


Басты сөздер: Оқиға, Түркия,
Жоғары қарай