Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияның алты провинциясында орман өртеніп жатыр

2021 жылдың 30 шілде 2021 18:05

АНТАЛИЯ. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Түркияның бірнеше провинциясында орман өртінің таралуын тоқтату және сөндіру үшінші күнге жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін түстен кейін Анталия, Адана, Мерсин, Мугла, Османийе және Кайсери провинцияларында ірі өрт ошақтары әлі де бар.

3 ұшақ, 9 дрон, пилотсыз тікұшақ, 38 тікұшақ, 680 өрт сөндіру машинасы, 55 өзге де техника, 4 000 өрт сөндіруші орман өрттерін сөндіріп жатыр.

Түркияның ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли өртпен күресте оң динамика байқалғанын айтты.

Орман алқаптарындағы 57 өрт ошағы бақылауға алынды, деп хабарлады министр.

Бұған дейін Анталиядағы өрт салдарынан үш адам, Мармаристе бір адам қайтыс болды деп хабарланған болатын. Зардап шеккен 138 тұрғын ауруханаға жеткізілген, біреуінің жағдайы ауыр деп бағаланады.




Бұған дейін хабарланғандай, Түркия Республикасы Үкіметінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) ақпараты бойынша, өрт 28 шілдеде түскі уақытта провинцияның төрт ауданында шыққан. Өрттің бұлайша жылдам таралуына күннің ысуы және қатты жел ықпал етті. Жер үсті қызметтері мен өрт сөндіру авиациясы апатпен күресуде.

«Өрт кезінде қаза тапқандар мен ондаған жараланғандардың арасында біздің азаматтарымыз жоқ», – деп хабарлады 29 шілдеде Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшісі Абзал Сапарбекұлы.


Басты сөздер: Түркия,
Жоғары қарай