Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерттік турнесі Түркістаннан басталады

2019 жылдың 22 тамыз 2019 22:58

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркі кеңесінің 10 жылдығына арналған ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерттік турнесі Түркістан қаласынан басталады. Бұл туралы Жастар ресурстық орталығында өткен баспасөз-мәслихатында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылар - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы және Түркістан облысы әкімдігі.

«Өздеріңізге белгілі, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы 2017 жылы Түркістан қаласын «Түркі әлемінің мәдени астанасы» етіп жариялаған болатын. Өте жоғары деңгейде өткен бұл халықаралық ірі жобаның ізін суытпай, өткен жылы Елбасымыздың бастамасымен облыс атауы «Түркістан облысы» болып өзгертіліп, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы д аланың жеті қыры» атты мақаласында «Жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет» деген болатын. Біздің ұйым осы мақсатта өткен жылы да жаңа ашылған облыс орталығында бірнеше шара ұйымдастырған еді. Биыл да сол дәстүрімізді жалғастырып, ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің кезекті концерттік турнесін 2017 жылғы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» – Түркістан қаласынан бастап отырмыз», – деді Бас хатшы Д.Қасейінов.





Отандық және шетелдік өнерпаздардың қатысуымен өтетін концерттің барысы мен мақсатына арналған баспасөз конференциясына Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Ренат Салаватов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Анвар Ақбаров, Әз е рбайжан елінен келген дирижер, халықаралық байқаулардың лауреаты Мұстафа Мехмендаров да қатысты.

«ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің бұл жолғы концерттік бағдарламасы Түрк і Кеңесінің (Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық к еңесі) құрылғанына 10 жыл толуы құрметіне арналып отыр. ТҮРКСОЙ ұйымының да, Түр кі к еңесінің де мақсаты бір – түркітілдес халықтардың ынтымақтастығын дамыту. Бұл оркестр – мәдени құндылықтарымызға негізделген мақсатты жұмысымыздың көзге көрінген нақты нәтижесі. Сондықтан, жас та болса халықаралық аренада танымалдыққа ие болған өнерпаздарымыздың өнерін тамашалауға шақырамын», – деді Дүйсен Қасейінов.

Концерттік бағдарлама Қазақстанның Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында, Қырғызстанның Бішкек және Әзербайжанның Баку қалаларында жалғасатын болады.

Бүгінге дейін құрамында 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестрге бұл жолы Татарстаннан Ренат Салаватов, Қазақстаннан Анвар Акбаров, Әзербайжаннан Мұстафа Мехмендаров дирижерлік ететін болады.

Аталған қалалар мен шетелдегі концерттер 27 тамыз – 9 қыркүйек күндері аралығында өтеді.











Жоғары қарай