Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түрмедегі күйеуіне жағдай жасамақ болған әйел пара беріп ұсталды

2020 жылдың 1 қазан 2020 16:53

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте түзету мекемесінде отырған азаматтық некедегі жолдасына жағдай жасаймын деген әйел басшылыққа пара беріп ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әуесхан мәлім еткендей, 30 қыркүйек күні Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/11 мекемесінің басшылығына пара берген әйел ұсталды. Ол қамауда отырған азаматтық некедегі күйеуіне жазаны өтеуде ыңғайлы жағдай жасауды сұрап, 1500 АҚШ доллары көлемінде заңсыз сыйақы берген.


Жоғары қарай