Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тұтынушылардың бірлестіктеріне өндірілген сомадан сыйақы беру ұсынылды

2021 жылдың 23 қараша 2021 12:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы заңнамаға тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне өндірілген сомадан сыйақы беру ұсынысы енгізілді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үшіншіден, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің базалық қағидаттарын салалық заңдарға және заңға тәуелді нормавтитік-құқықтық актілерге тарату ұсынылады.

Төртіншіден, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақы есептеу туралы нормасын институциялау жөніндегі тілектері назарға алынды», -деді министр.

Сондай-ақ, заңнамалық өзгерістер аясында электронды сауда сегментін құқықтық реттеуді жетілдіруды ұсынды.

«Әрбір қазақстандыққа күн сайын кездесетін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік маңызды және қажетті заң жобасы әзірленуде.

Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобалары, түжырымдама жобалары және ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет порталда жарияланып, мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді. Сондықтан, тұтынушыларды және кәсіпкерлік қауымдастықтарды мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамын», - деді Бақыт Сұлтанов.


Жоғары қарай