Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тұтынушылардың құқын қорғайтын ұлттық қауымдастық құрылады

2021 жылдың 23 қараша 2021 12:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында қолға алынған заңнамалық өзгерістердің барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VІ отырысында заңнамаға тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты әрі тиімді қорғауға бағытталған өзгерістер мен түзетулер енгізуді тапсырды. Осыған орай, министрлік қазір тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына тиісті өзгерістер әзірлеп жатыр. Біріншіден, «Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығы» коммерциялық емес ұйымдарының мәртебесін заңнамалық бекіту мәселесін пысықтауда. Екіншіден, тұтыншулардың құқықтар қорғау жөніндегі омбудсмен институты туралы заңнамаға түзетулер енгізуге ұсыныс бар», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, аталған омбудсмен тұтынушылардың құқықтары жиі бұзылатын салаларды реттейтін мемлекеттік органның басшыларына жүйелі проблемалары тікелей жеткізуге құқылы болады.

«Әлеуметтік сауалнама бойынша, сауалнамаға қатысқан 20 мың респонденттің 56 проценті тұтынушылардың ұлттық қауымдастығын және омбудсмен институтын құру ұсынсын қолдаған. Осыған ұқсас инстиутттар Германияда, Швейцарияда, Швецияда, АҚШ-та және басқа елдерде сәтті жұмыс істеп тұр», - деді Бақыт Сұлтанов.


Жоғары қарай