Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Түзеу колонияларында бетперде тігумен айналысқан азаматтарға сыйақы берілді

2020 жылдың 5 сәуір 2020 21:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түзеу колонияларында жазасын өтеп жатқан азаматтар бетперде тігумен айланысқан жұмысы үшін ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қорғаныс құралдары мен дезинфекция өте қажет болып тұр. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы басшылығының шешімімен қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік объектілерінде қорғаныс бетперделерін тігу жұмысы ұйымдастырылды.

19 наурыздан бастап Шығыс Қазақстанның алты колониясында сотталғандар қорғаныс бетперделерін тіге бастады. Осы уақытқа дейін олар 120 мыңнан астам бетперде тігіп үлгерген.

Осы бетперделермен полиция офицерлері мен әскери қызметкерлер толығымен қамтамасыз етілген.

Сотталғандардың еңбегі елеусіз қалмады, оларға ақшалай сыйақы берілді.

«Біздің жұмысымыз бағаланып, сыйақы табысталғанына өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, мен бұған сенбедім, бірінші рет өз жұмысым үшін ақшалай сыйлық алдым. Мен алған сыйақымды әйеліме аударып жібердім, оған бұл ақша маған қарағанда қажетті деп ойлаймын», - деді Арлан есімді жазасын өтеуші.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде қорғаныс маскаларын тігу жалғасуда.


Жоғары қарай