Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ТЖМ мереке қарсаңында газ баллондары қауіпсіздігін еске салды

2021 жылдың 29 қараша 2021 16:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі желтоқсандағы мерекелер қарсаңында тұрғындарды газ баллонын пайдаланудағы қауіпсіздікті сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Желтоқсандағы мерекелер қарсаңында тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды пайдаланатын тұрғындардан баллонды қосар алдында газдың кемуін тексеруді, қысым реттегішінің жай-күйін тексеруді, газ иісі байқалғанда ашық отты пайдаланбауды, темекі шекпеуді, электр аспаптарын ажыратуды сұраймын. Тұрмыстық баллондарды жылытпау қажет және жылыту аспаптарының жанына орнатпау керек», - деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, министрлік өкілі автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтырмауды ескертті, өйткені бұл тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарына қайшы келеді.

«Бұдан басқа, автогаз құю станцияларының иелеріне тұрмыстық газ баллондарын толтырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар екенін және станцияларда осындай фактілерге жол бермеу туралы ақпараттық стендтерді орналастыру қажеттігін ескертеміз. Ал газ толтыру станцияларының иелеріне тұрмыстық газ баллондарын, оның ішінде төмен температура кезеңінде пайдалану қағидалары бойынша тұтынушыларға нұсқама жүргізу қажеттігін ескертеміз», - деді Мереке Пішембаев.


Жоғары қарай