Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҰБТ бейнежазбалары тамыздың соңына дейін қаралып, талап бұзғандар жазасыз қалмайды

2020 жылдың 24 маусым 2020 14:28

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті негізінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабылдау комиссиясының мәліметінше, жоғары оқу орны осы мақсатқа 13 аудитория бөлді. Карантиндік жағдайды ескере отырып, әлеуметтік ара қашықтық сақталды, әр аудиторияда 10-15 адамнан аспайды.

«Министрлік тарапынан келген және барлық санитарлық-эпидемиологиялық нұсқаулықтарды сақтай отырып, бүгін мектеп түлектері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. 1629 адам ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірді. Оның ішінде 1190-ы биылғы жылдың түлектері, қалғаны өткен жылдың мектеп түлектері мен биылғы колледж бітірушілер. Жалпы тестілеу 10 күнге созылады, 4 шілдеге дейін өтеді. Бүгін 178 талапкер тест тапсырды», - дейді қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары Алмас Кенжеғалин.

ҰБТ-ның биылғы тағы бір ерекшелігі – қолға ешқандай сертификат берілмейді, бәрі электронды болады. Барлық өтініштер онлайн қабылданады.

«ҰБТ процесі - абитуриенттер ғимаратқа кіргеннен бастап шыққанға дейін толық бейнекамераға түсіріледі. Бейнежазбалар 25 тамызға дейін қайта қаралып, зерделенеуі мүмкін. Тыйым салынған затты өткізу сияқты қандай да бір фактілер анықталатын болса, талапкердің конкурста ұтып алған гранты жойылуы мүмкін», - дейді Алмас Кенжеғалин.

Петропавлда ҰБТ алғашқы күн талапты бұзғандар анықталған жоқ.

Жалпы СҚО-да ҰБТ 21 маусым күні аудан орталықтарында басталды. Бұған дейін екі түлектің тестілеуге телефон кіргізіп, салдарынан тест нәтижелерінің жойылғандығы жөнінде айтқан едік.



Жоғары қарай