Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҰБТ: Ереже бұзған 300-ге жуық талапкер тестілеуден шығарылды

2021 жылдың 24 мамыр 2021 18:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 75 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 52 512 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 19 622 – орыс тілінде, 182 – ағылшын тілінде тапсырды. 5 пән бойынша орташа балл 68,94 құрайды, ең жоғары балл – 138.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтіп жатыр. Бүгінгі таңда 87 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан 287 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижесі жойылды», – деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

Тестілеуге кіргізу кезінде 8 түлектің дене қызуы көтеріліп, бұл түлектер ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндігі бар.

Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.


Жоғары қарай