Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

2022 жылдың 8 қаңтар 2022 10:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде Ұлттық бірығай тест тапсыруға өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым минстрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Контртеррористтік операциялар жалғасуда, дегенмен қазіргі уақытта барлық өңірлерде тәртіп орнықты. Дер кезінде енгізілген төтенше жағдай оң әсерін тигізді. Осыған дейін біз қабылдаған шаралар жайында хабарладық: мектеп оқушыларына каникул 17 қаңтарға дейін және студенттерге 24 қаңтарға дейін ұзартылды. Қаңтарда өткізілетін ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 21 қаңтарға дейін жүргізіледі. Бұның алдында өтініштерді қабылдау 24 желтоқсан және 5 қаңтар аралығында жоспарланған болатын. 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жоспарланған ҰБТ өткізу уақыты да өзгертіліп, 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізілетін болады. Бүгінгі кезде 100 мыңға жуық үміткерлер өз құжаттарын тапсырды», - деп жазды министр парақшасында.

Оның этап өтуінше, министрлік магистратура мен докторантураға құжаттарды тапсыру және қабылдау мерзімін 24 қаңтарға дейін ұзартуды шешті. Екінші қабылдау науқаны кезінде мыңнан аса қазақстандық грант иегері атанды.

«Осындай күрделі жағдайда жүзеге асырылып жатқан шараларды қолдап, бәріміз Қазақстан Республикасының Президентін қолдауымыз қерек», - деді Асхат Аймағамбетов.


Жоғары қарай