Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҰБТ-ның бесінші күні 133 түлек тест тапсыру құқығынан айырылды

2020 жылдың 25 маусым 2020 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 маусым күні еліміздің 12 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаладағы 67 пунктіде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде 9 568 талапкер - тапсырманы қазақ тілінде, 2 372 түлек - орыс тілінде орындаған.

«91 түлек тестілеуге кіргізуде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды қолданып, тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тест нәтижесі жойылды», - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, тестілеуге кіргізіп жатқанда бір түлектің дене қызуы көтеріліп, тестілеуге жіберілмеді.

Ол ҰБТ-ны сауыққан соң басқа күні тапсыра алады.


Жоғары қарай