Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҰБТ-ның үшінші күні 38 талапкердің қызуы көтерілді

2020 жылдың 24 маусым 2020 14:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23 маусымда республика бойынша 11 247 талапкер ҰБТ-ға қатысып, оның 251-і аудиториядан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

23 маусым күні республика мектептерінде ҰБТ-ға 11 247 талапкер қатысқан. Оның 2,2 пайызы немесе 251-і ереже бұзып, аудиториядан шығарылды. 38 талапкердің немесе 0,3 пайызының дене қызуы көтерілген. Нәтижесінде 11 мыңнан астам баланың 7 643-і немесе 68 пайызы шекті балды жинай алды. Ал 12 талапкер (0,1%) – 130 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кетейік, ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады.

«Достар, егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырып, шекті балл жинаған болсаңыз, сол сертификатпен ЖОО-ға ақылы негізде түсе аласыз. Өйткені заңның кері күші болмайды, тіпті маусым айындағы тестілеуге кірмесеңіз немесе маусымдағы ҰБТ нәтижеңіз жойылған болса да, қаңтар айының ҰБТ сертификаты жарамды болып қала береді», - дейді тестілеу орталығы Facebook парашасы арқылы.



Жоғары қарай