Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҰБТ: Университетке оқуға түсу үшін қанша балл жинау керек

2020 жылдың 14 маусым 2020 11:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігі грант тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қажетті Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің хабарлауынша , «Білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде білім алу бағытында ұлттық жоғары оқу орындарына - кемінде 65 балл, ал басқа жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарына - кемінде 50 балл жинау керек.

Мұнымен қоса, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім салалары бойынша - кемінде 60 балл, «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша - кемінде 70 балл болуы тиіс.

Ал «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласына кем дегенде 65 балл қажет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, педагогика мамандықтарына түсу үшін ең төменгі көрсеткіш 70 балға дейін көтерілді .

Айта кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеуге тыйым салынған заттарды алып өтпек болғандар биыл оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады .


Жоғары қарай