Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

УЕФА 2019/20 маусымының ең үздік ойыншысын атады

2020 жылдың 2 қазан 2020 03:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германиялық «Бавария» футбол клубындағы поляк шабуылшысы Роберт Левандовский Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) нұсқасы бойынша 2019/20 маусымының ең үздік ойыншысы болып танылды. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш одақ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Марапаттау рәсімі Женевада Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде жеребе тарту шеңберінде өткізілді.

«Баварияның» неміс қақпашысы Мануэль Нойер және ағылшындық «Манчестер Ситидің» бельгиялық жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне Левандовскийдің бәсекелестері болды.

Сондай-ақ Левандовский Чемпиондар лигасының ең үздік шабуылшысы атанды.

Айта кетсек, 2019/20 маусымда Левандовский 47 матчта 55 гол салған, соның ішінде 15-і - Чемпиондар лигасының ойындарында.

«Бавариямен» бірге ол Германия турнирінің, сондай-ақ чемпионаты мен кубогының жеңімпазы атанды.

Левандовский барлық турнирлерде ең үздік шабуылшы болған.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай