Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

2020 жылдың 1 қазан 2020 22:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияның Женева қаласында UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеребе тарту рәсімінде 32 команда сегіз топқа бөлінді. Командалар алдын ала төрт себетке топтасты.

Әрбір топта сынға түсетін клубтар сол арқылы анықталды. Командалар топтарға төмендегіше бөлінді.

А тобы: «Бавария» (Мюнхен, Германия), «Атлетико» (Мадрид, Испания), «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия), «Локомотив» (Мәскеу, Ресей);

В тобы: «Реал» (Мадрид, Испания), «Шахтер» (Донецк, Украина), «Интер» (Милан), «Боруссия» (Менхенгладбах, Германия)

С тобы: «Порту» (Португалия), «Манчестер Сити» (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Марсель» (Франция);

D тобы: «Ливерпуль» (Англия),«Аякс» (Амстердам, Нидерланды), «Аталанта» (Бергамо, Италия), «Митьюлланд» (Дания);

Е тобы: «Севилья» (Испания), «Челси» (Англия), «Краснодар» (Ресей), «Ренн» (Франция);

F тобы: «Зенит» (Ресей), «Боруссия» (Дортмунд. Германия), «Лацио» (Италия), «Брюгге» (Бельгия);

G тобы: «Ювентус» (Италия), «Барселона» (Испания), «Динамо» (Киев, Украина), «Ференцварош» (Венгрия);

Н тобы: ПСЖ (Франция), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Истанбул Башакшехир» (Түркия);

Айта кетелік, топтық кезең ойындары 20 қазанда басталып, 9 желтоқсанда мәресіне жетеді. Финал 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында өткізіледі.

Биыл Чемпиондар лигасында «Бавария» алтыншы мәрте жеңімпаз атанды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай