Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

UEFA Конференция лигасында «Тобыл» Хорватияның «Хайдук» клубынан жеңіліп қалды

2021 жылдың 23 шілде 2021 03:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу сатысындағы алғашқы кездесуде Қостанайдың «Тобылы» Хорватияның «Хайдук» клубынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ха́йдук» 1911 жылы құрылған. Югославия және Хорватия чемпионаттарында 15 мәрте алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ, аталған чемпионаттарда 23 мәрте күміс, 12 мәрте қола жүлде алды.

Бүгінгі кездесуде бірінші кезеңде екі команда терезесі тең деңгейде ойын көрсеткен еді.

Десе де, 21-минутта алаң иелері сапынан Марин Любичич өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңде хорватиялық клуб көбірек шабуылға шықты. Қазақстандық клуб негізінен қорғаныста ойнады. Ал 53-минутта Марин Любичич есепті ұлғайтты.

«Тобыл» қарсыласынан 0:2 есебімен жеңілді.

Енді қарымта ойын 29 шілде күні Қостанайда өткізіледі.

Айта кетейік, 2014/15 жылғы кезеңде Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Хайдук» Қарағандының «Шахтерін» орта жолда қалдырып (3:0, 2:4) кеткен еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордада «Астана» грекиялық «Арис» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Одан кейін Қарағандының «Шахтері» сырт алаңда румыниялық ФКСБ клубына 0:1 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ, 21 шілдеде UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» Сербияның «Црвена Звезда» клубын 2:1 есебімен жеңген еді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай