Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҮЕҰ мемлекеттік грантына қазақ тілінде берілген өтініштердің үлесі артты

2021 жылдың 3 шілде 2021 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында 4 маусымда жарияланған ҮЕҰ-ға мемлекеттік грант беру конкурсына өтінім қабылдау аяқталды.

Алдын ала қорытынды бойынша, АБҚО-на 67 үкіметтік емес ұйымнан 111 өтінім келіп түскен.

Атап айтқанда, мемлекеттік тілде - 33, орыс тілінде - 78 өтінім берілді.

ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарды беру конкурсына қатысуға 89 өтінім конкурстың соңғы күні берілді.

«Орталық жұмысының үлкен жетістігі - қазақтілді өтінімдердің айтарлықтай өсуі. Егер ақпан айында өтінімдердің тек 16 %-ы қазақтілді ҮЕҰ-дан болса, қазір - әрбір үштен бірі мемлекеттік тілде. Демек, біз дұрыс бағытты таңдадық», - дейді АБҚО басқарма төрайымы Лима Диас.

Қазіргі уақытта орталық өтінімдерді гранттар беру және олардың іске асырылуына бақылау қағидаларында және бекітілген гранттар жоспарына көзделген талаптарға сәйкестігін қарастырып жатыр.


Жоғары қарай