Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҮЕҰ өкілдері Елбасы Н.Назарбаевтың азаматтық секторды дамытудағы рөлін талқылады

2021 жылдың 3 шілде 2021 10:35

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Елорда күні қарсаңында онлайн-форматта «Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуындағы рөлі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған іс-шарада ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрбол Серікбеков, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ вице-президенті Гүлнар Құрбанбаева, Нұр-Сұлтан қаласының ҮЕҰ альянсының басшысы Махаббат Еспенова, өңірлік ҮЕҰ өкілдері Ирина Терентьева, Аслан Тапишев, Жанат Мұхамеджан сөз сөйледі.




Бану Нұрғазиева өз сөзінде азаматтық қоғамды қалыптастыру Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саясатымен негізделген мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық қоғамды дамыту саласындағы көптеген проблемалық мәселелерді шешіп, үкіметтік емес ұйымдардың жүйелі жұмысын құруға жағдай жасады.

ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің өкілі Н. Серікбеков:

«Соңғы 30 жылда азаматтық қоғам институттарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық база қалыптасты.

Елбасының бастамасымен 2003 жылдан бастап елімізде Азаматтық форум өткізілуде. Форумның ұсынымдарын іске асыру қоғамның маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге ықпал етті. Осылайша, Тұңғыш Президент азаматтық қоғам институттарын нығайту жөніндегі ауқымды шаралардың бастамашысы болды».

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде үкіметтік емес ұйымдардың саны 100-ден 22 мыңға дейін ұлғайды. Елімізде кәсіби қоғамдық ұйымдар құрылып, табысты жұмыс істеуде.

Елдегі азаматтық қоғамның даму перспективаларын талқылай отырып, ҮЕҰ өкілдері ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ең басым міндеттердің қатарына қойғанын атап өтті.


Жоғары қарай