Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

UFC-дегі қазақ Дамир Ысмағұлов: Келесі жекпе-жегім көктемде өтеді

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 14:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – UFC-де өнер көрсететін қазақ спортшысы Дамир Ысмағұлов келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бақытыма орай алған жарақатым толықтай жазылып, қайта қалпыма келді. Енді бір аптадан кейін толыққанды жаттығуға кірісуге дайын боламын. Менеджерімнен келесі жекпе-жекке қашан шыға алатынымды сұраған едім. Жекпе-жекке шығу үшін салмақты турнирлердің бірін күтіп отырмыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатынан кейін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол алдағы жекпе-жегі шамамен қай уақытта болуы мүмкін екенін де айтып берді.

«Меніңше, бір айдың ішінде, шамамен ақпанда UFC-дегі келесі, яғни төртінші жекпе-жегіме қатысты мәселелер анықталады. Ал өзім көктемге деп жоспарлап отырмын. Қарсыласым үздік ТОП-15-ке кіретін спортшы болмақ. Төбелескім келетін спортшылар бар. Жалпы мен кіммен жекпе-жекке шыққым келетінін жиі айтып қоямын да, кейін ол болмай қалып жатады. Сондықтан алдын ала айтуды доғардым. Жекпе-жек болса өте жақсы. Болмаса күтуге тура келеді», - деді Дамир Ысмағұлов.


Фото: ria56.ru

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай