Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Уханьда бірнеше айға созылған карантин аяқталды

2020 жылдың 8 сәуір 2020 10:03

УХАНЬ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Уханьда көліктер ақылы автомобиль магистральдары арұылы шығу бекеттерінде кезек орнатып, жолаушылар пойызға отырып, қаладан кетуге асығуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан алып қалада ертеңнен бастап COVID-19 коронавирусын одан әрі таратпас үшін енгізілген шектеулер алынып, 11 аптаға созылған карантин аяқталады.




Ухань қаласының солтүстік бөлігіндегі Фухэ төлеу бекетінде көлік иелері дабылды асыға күтіп, қаладан шығуға асықты.

Уханьда жеке бизнесі бар Го Лэй көлігімен төлеу орнына сағат 20:40 шамасында келген. Онымен бірге көлікте тағы алты адам бар. Олардың барлығы үйіне қайтатын күнді күтіп жүрген.

«Мен үйге оралуды тағатсыз күтудемін», - дейді Го Лэй.

Ол - елдің шығысындағы Шаньдун провинциясының тумасы.

«Уханьда сегіз жылдан бері тұрып жатырмын. Көктем мерекесі кезіндегі демалыста туыстарым қалаға келіп, маған қажетті заттарды жеткізуге көмектесті. Эпидемия салдарынан барлығымыз осында қалып қойдық», - дейді ол.


Басты сөздер: Коронавирус, Оқиға, Қытай,
Жоғары қарай