Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Уханьдағы мектептерде оқу қайта жанданады

2020 жылдың 1 шілде 2020 23:40

УХАНЬ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының эпицентрі саналатын Қытайдың Ухань қаласында оқу бітіретін жоғары сыныптарды қоспағанда оқушылардың бәріне оқу қайта басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

10 шілдеден бастап биыл оқуды бітірмейтін жоғары дәрежедегі орта мектептердің оқушылары қайтып оралады. Олармен бірге кәсіби-техникалық училищеде білім алушылар да қайта оқуын жалғастырады. Олардың жазғы демалыстары 31 шілдеде басталады.

Төменгі дәрежедегі орта мектептердің оқу бітірмейтін сыныптарындағы оқушылар өздерінің онлайн-сабақтарын 5 шілдеде аяқтайды. 10 тамыз күні мұғалімдер мен оқушылар 30 тамызға дейін жалғасатын сабаққа кіріседі. Ал бастауыш мектептер мен балабақшалардың жазғы демалысы 5 шілдеде басталады.

Жоғары оқу орындарының оқу бітірмейтін студенттері қажеттілік туындамаған жағдайда кампусқа қайтып келуге міндетті емес. Олар өтінім беріп, қайтып келгісі келсе ЖОО-ларынан рұқсат алуы тиіс.

Мектептен тыс оқу ұйымдары эпидемияны бақылау және алдын алу бойынша тиісті талаптарды орындаған жағдайда сабақтарын жандандыра алады. Бұл туралы Ухань қаласының білім басқармасы бастығының орынбасары Ся Шунинь хабарлады.

Хубэй провинциясы 13 маусымнан бастап қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларға қарай шұғыл әрекет ету деңгейін екіншіден үшіншіге түсірді. Дүйсенбідегі жағдай бойынша провинцияда ауру белгісі жоқ бір адамның медициналық бақылауда жатқаны хабарланған.

Перевод Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Білім, Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай