Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Уханьнан эвакуацияланған қазақстандықтардың жағдайы қанағаттанарлық - министрлік

2020 жылдың 12 ақпан 2020 17:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 12 ақпанындағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 11 ақпанға дейін елімізге 30911 адам келді.

6 қаңтар - 11 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитарлық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 30911 адамды қарап-тексерді.

Бүгінгі күнге дейін жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) белгілерімен 144 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 121 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 23 адам қалды.

Қазақстан Республикасының 83 эвакуацияланған азаматтарының 13-інде жеңіл дәрежелі ЖРВИ клиникасы жалғасуда, катаралды құбылыстары бар, дене қызуы көтерілмеген.

ҚХР Ухань қаласынан Ресей Федерациясына (Түмен облысы – 3 адам) және Өзбекстан Республикасына (5 адам) эвакуацияланған Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ, ЖРВИ белгілері мен шағымдары анықталған жоқ.

Сондай-ақ, кеше таңертеңгі сағат 6:05-те Нұр Сұлтан қаласына Қытайдың 36 қаласынан 217 қазақстандық азамат келді. Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін кемінде 3 күн мерзімге ауруханаға жеткізілді. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар, орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған.

«Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану керек;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек. Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай